23:55, 25 Наурыз 2026 | GMT +5
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы велотректен Азия чемпионатында топ жарды
АСТАНА.KAZINFORM – Филиппиннің Тагайтай қаласында ересектер мен жасөспірімдер арасында велотректен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыстың алғашқы күні командалық із кесу сайысында жасөспірім аруларымыз үздік нәтиже көрсетті.

1.Қазақстан (Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Анель Ташбай, Алия Бакаева)
2.Тайпей
3.Өзбекстан
Айта кетейік, құрлықтық біріншілікке 19 елден 300-ден астам спортшы қатысуда. Азия чемпионаты 31 наурызда аяқталады.
Халықаралық футбол федерациясы 25-31 наурыз аралығында Астанада өтетін FIFA Series 2026 турнирінің матчтарына қызмет көрсететін төрешілерді анықтады.