Қазақстанның апаттық құтқару бөлімшелері Ресейдің арнайы техникаларын жеңілдетілген тәртіппен сатып алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары «2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
None
None

Аталған келісім 2014 жылдың 23 желтоқсанында Мәскеуде жасалған. Бұл келісім Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес, арнайы техника мен арнайы құралдарға қатысты сыртқы сауда қызметін жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік органдар арасында жасалатын шарттар негізінде арнайы техникалар мен құралдарды жеңілдетілген шарттар арқылы жеткізуді қарастырады. Сонымен қатар, хаттамада төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған құралдарды жеңілдікпен жеткізу тетігін құруға бағытталған түзетулер енгізілген.

«Бұл біздің құтқару бөлімшелерімізді Ресей мен Беларусь елінің арнайы техникаларын жеңілдетілген шарттар арқылы сатып алып жабдықтауға септігін тигізеді», - деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданатын болады.

Соңғы жаңалықтар