Қазақстанның даму бағыты демократиямен үндес - Вирон Полидорас

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Грекия Республикасы Парламентінің бұрынғы төрағасы Вирон Полидорас Қазақстандағы Президент сайлауын демократияға жасалған нақты қадам ретінде атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Грекия өкілінің айтуынша, бұл сайлау Қазақстан үшін тарихи сәт болмақ.

«Қазақстанның көшбасшысы болған Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында билік транзиті бейбіт түрде өтіп жатыр. Қажетті кезінде дұрыс шешім қабылдау өте маңызды. Қазақстан халқы даму даңғылына бейбіт жолмен қадам басуды таңдады Бүгінгі сайлауды демократиялық дамуға жасалған қадам деуге болады», - деді халықаралық сарапшы.null

Вирон Полидорас сайлау учаскелерінде оптимистік көңіл күй сезілетінін де айтты.

«Қазақстандағы бүгінгі сайлауды демократиялық процестің үлгісі деп айтуға болады. Барлық саяси партиялар үміткерлерін ұсынған. Сайлау, жалпы алғанда оптимистік, бейбіт жағдайда өтіп жатыр. Осының бәрін ескере келе, Қазақстанның келешегі демократиялық құндылықтармен үндес», - деді грекиялық байқаушы.

Айта кетейік, бұған дейін Мажарстан өкілі бүгінгі сайлауда Еуропа елдеріндегідей барлық халықаралық стандарттар сақталғанын айтқан болатын.

Ал «Аманат» азаматтық платформасы сайлау барысына қатысты алғашқы есебін жариялады.

Еске салсақ, Қазақстандағы сайлауды мыңнан астам шетелдік байқаушы қадағалауда.

Соңғы жаңалықтар