17:06, 01 Мамыр 2017 | GMT +5
Қазақстанның киелі орындарының картасы əзірленіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Индустриялар және даму комитеті Қазақстанның киелі орындарының картасын əзірлеуге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Картаны әзірлеу «Қазақстанның киелі орындары» және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жүргізуде.
Ұлттық сана негізін Ұлытау маңындағы ескерткіштер кешені, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Бекет ата мазары, Шығыс Қазақстан мазарлары, Тараздың ежелгі ескерткіштері, Жетісудің қасиетті орындары және т.б. құрауы тиіс.
«Қазіргі уақытта жұмыста отырмын. Ұсыныстарыңыз бен ойларыңыз болса, бөлісе отырыңыздар!», - деп жазды Марат Иғали Фейсбуктегі парақшасында.