02:29, 14 Ақпан 2016 | GMT +5
Қазақстанның сейсмикалық стансалар жүйесі бүгін екі жер сілкінісін тіркеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 ақпан күні «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі екі мәрте жер сілкінісін тіркеді.

Біріншісі Алматы уақыты бойынша сағат 01:12-де тіркелді, оның ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 258 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9, магнитудасы - 4,6. Тереңдігі - 25 шақырым.
Арада жарты сағат өткен соң, сағат 01:40-та тағы да бір жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 766 шақырым жерде Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.0, магнитудасы - 5,2. Тереңдігі - 30 шақырым.
Екі жер сілкінісінің дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.