Қазақстанның ядролық саясатта көшбасшы болуға құқы бар - «Еуразия үйі» халықаралық орталығының президенті А. Саркисян

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның ядролық саясатта көшбасшы болуға құқы бар. Бұл туралы бүгін Астанадағы Х Еуразиялық медиа форумында «Еуразия үйі» халықаралық орталығының президенті Армен Саркисян (Ұлыбритания) мәлім етті.
None
None

«Қазақстанда ядролық база мен ядролық қаруы бола тұра, алайда мемлекет одан өз еркімен бас тартты. Осы орайда Қазақстанның осы бастамасы өте маңызды деп санаймын. Сондықтан бұл елдің осы бағыттағы қадамдары айтарлықтай кең ауқымда қолдауға ие болуда», - деді ол.

Қазақстанды үлгі ретінде атап өту өте маңызды деп тоқталған ол, «Қазақстан ядролық әскери қуатынан бас тартқан ел екені мәлім. Атап айтқанда, осы ел табиғи ресурстарға бай.  Қазақстан әскери емес ядролық держава ретінде дамуды қарастырды. Осы үдерістің нәтижесінде бұл мемлекет әлемде ірі уран өндірушілердің біріне айналды»,-деді.

Сонымен қатар, А. Саркисян Президент Н. Назарбаевтың  Ядролық отын банкін құру ұсынысының ерекше бастамалардың бірі екенін айтып өтті.

«Әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан Қазақстанның ядролық саясатта көшбасшы болуға құқы бар»,-деп түйіндеді ол.

Соңғы жаңалықтар