Қазақстанның Женевадағы Тұрақты өкілі М.Тілеуберді БҰҰ қарусыздандыру жөніндегі Конференциясында арнайы мәлімдемемен сөз сөйледі

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Корея Халықтық-Демократиялық Республикасының 2013 жылғы 12 ақпанда ядролық сынақ өткізуіне байланысты Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы бөлімшесі мен басқа халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Мұхтар Тілеуберді Қарусыздандыру жөніндегі конференциясының пленарлы отырысында арнайы мәлімдеме жасады.
None
None

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық дипломат Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет ретінде Солтүстік Кореяның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы қарарларын бұза жасалынған ядролық сынақтарын қатаң айыптайтынын мәлімдеді. Ядролық ракетаны жару ядролық қаруды таратпау режиміне кері нұқсан келтіріп, Корей түбегіндегі, сондай-ақ ғаламдық деңгейдегі қауіпсіздікке қатер туғызады.

Қазақстан КХДР-ын ядролық мәселелер бойынша алтыжақты форматтағы келіссөздерді жалғастыруға және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ядролық сынақтарды тоқтату туралы қарарларын бұзбауға шақырады.

Сондай-ақ, Қарусыздандыру жөніндегі конференция аясында солтүстіккореялық ядролық ракетаның жарылуына наразылық ретінде АҚШ, Ресей, ҚХР, Франция, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Корея Республикасы, Пәкістан, Бразилия, Австралия, Үндістан және басқа мемлекеттердің өкілдері осы тәрізді мәлімдемелерін жасады.

Соңғы жаңалықтар