Қазақстанның ЖОО-да білім берудің тиімсіз бағдарламалары қысқарады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарындағы маңызын жоғалтқан, тиімсіз білім беру бағдарламаларын қысқартуға ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қарағандыда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың  төрағалығымен өткен жиында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев арнайы ведомство  ЖОО-да бір қатар білім беру бағдарламаларын қысқарту мақсатында заң жобасын әзірлеп жатқандығын жеткізді.

«Біз білім беру бағдарламаларының тізілімін жасамақшымыз. Оған ЖОО-ның өкілдері өздерінің білім беру бағдарламаларын ұсынуға және оны қорғап шығуға мүмкіндігі болады. Егер ол ескірген немесе заман талаптарына сай келмейтін болса онда бағдарлама тізілімнен алынып тасталады. Сөйтіп біз екі-үш жылдың ішінде білім берудің тиімсіз бағдарламаларынан құтыламыз деген ойдамыз. Соның нәтижесінде ЖОО академиялық тәуелділікке қол жеткізетін болады», -  деді министр.

Соңғы жаңалықтар