Қазақтың ғарыш технологиясы экспортқа шығады

жер
Фото: NASA

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақ инженерлері құрастырған спутник жүйесі алғаш рет экспортқа шығады. Енді біздің жерсерікті моңғолдар пайдаланады. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының жаңалықтарында айтылды. 

Кеше екі ел тиісті келісімдерге қол қойды. Бұл- Қашықтықтан зондтау технологиялары. Екі елге де жердің жағдайын тиімдірек бақылауға, су ресурстарын басқаруға және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді.

Осылайша Моңғол инженерлері Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығы базасында осы іспен айналысады. Біздің мамандар оларды оқытады, білімін, кәсіби біліктілігін арттырады. Мұндай өзара әрекеттестік екі елдің ғылыми және техникалық ынтымақтастығын нығайтады.

Соңғы жаңалықтар
telegram