Қазақтың тұңғыш балеринасы Нұрсұлу Тапалованың пуанты Ақтөбе музейінде сақтаулы тұр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Нұрсұлу Талапованың пуанты, сырғалары, қорапшасы, сахна киімі сақтаулы. Қызы бірнеше жыл бұрын балеринаның өзі тұтынған бұйымдарды музейге тапсырған.

пуанты
Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Нұрсұлу Тапалов — Ақтөбе өңірінің тумасы. Ол 1923 жылы Ойыл ауданында өмірге келген. Қазақтан шыққан тұңғыш балеринасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. 

Көптеген қазақ киносына түсіп, бишінің рөлін сомдады. 

балерина
Фото: Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі

— 2007-2010 жылдары аралығында Нұрсұлу Тапалованың қызы Тоты Аққожаева Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына анасының пуанты, сырғасы, қобдишасын берді. Сонымен бірге Нұрсұлу Тапалованың құжаттарының көшірмесі қабылданды. Олардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі куәлігінің, Тың жерлерді игеру жылдарында берілген куәліктің және Жеңістің 50 жылдығы куәлігінің көшірмелері бар. «Құрмет белгісі» ордені куәлігінің де көшірмесін берді. Музейдегі 1945-1991 жылдардағы тақырыптық экспозициялық залында Нұрсұлу Тапалованың өміріне, қызметіне, бишілік өнеріне арналған «Би әлемінің таланты» экспозиция жасақталған, — дейді Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Айбек Ертеміров. 

а
Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Музей қорында Нұрсұлу Тапалованың фотосуреттерінің көшірмесі де бар. 

Айта кетейік, Нұрсұлу Тапалова 11 жасында академик Ахмет Жұбановтың қамқорлығымен Алматыға білім іздеп келіп, ұлттық билерді нақышына келтіре орындайтын мамандардан тәлім-тәрбие алған.

а
Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Қазақ, қырғыз, өзбек, армян, испан, орыс және тағы басқа да ұлттардың билерін өз деңгейінде, биік талғаммен орындаушы бола білді.

Тапалова
Фото: Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі

Дүниежүзіне танымал балет дүлдүлдері Галина Уланова мен Майя Плисецкаялармен бірге 40-жылдары Абай атындағы академиялық опера және балет театрының сахнасында «Бақшасарай бұрқағы» спектаклінде өнер көрсетіп, ұлттық хореографияның қалыптасып-дамуына зор үлес қосты. 

балерина
Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

2010 жылы Қазақ боксының негізін қалаушы Ш. Бөлтекұлы мен қазақтың тұңғыш балерина-бишісі Н.Тапалованың ескерткіш бейіті ашылған еді.

а
Фото: Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі
а
Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар