Қазалыда мал ұрлаған әйелдер қолға түсті

ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында полиция қызметкерлері тұрақты түрде мал ұрлығымен айналысып келген 4 тұрғынды қолға түсірді. Олардың екеуі әйел, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазалыда мал ұрлаған әйелдер қолға түсті

Қызылордалық полицейлер Қазалы ауданы маңындағы мал жайылымынан жылқы ұрлап, сол жерде сойып жатқан жерінен Төретам кентінің 4 тұрғынын ұстады.

«Олар жайылымда жүрген малды ұрлаған. Күдіктілер бұған дейін де мал ұрлығымен айналысып келген. Тергеу барысында олардың осы тектес 5 мал ұрлығы дерегіне қатысы бар екендігі анықталды.

Оқиға орнында ұсталғандардың 2-уі әйел адам. Күдіктілер өз әрекеттерін толығымен мойындады. Оқиға орнында айғақ заттар алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталғандарға қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды»,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Байқоңырда полиция қызметкеріне күш қолданған азамат сотталғанын хабарлаған болатынбыз.