Қазан айында Астана мен Алматы қаласында баспана көп сатылды — статбюро
АСТАНА. KAZINFORM — Қазан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 41 259 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша — 8 717 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша — 32 542 мәміле жасалды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.
Былтырғы жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда (41 313) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,1%-ға азайған.
— Мәмілелер саны бойынша Астана (8 945 — 21,7%) және Алматы (7 868 — 19,1%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 982 — 7,2%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз — 327 мәміле (0,8%), — делінген хабарламада.
Былтырғы жылмен салыстырғанда қазанда мәмілелер санының ең көп өсімі Қостанай облысында (+15,8%), Шымкент қаласында (+7,7%) және Алматы облысында (+7,4%) байқалды. Ал бір айда Қызылорда облысында (-28,4%), Алматы қаласында (-11,2%) және Ақтөбе облысында (-5,2%) баспана аз сатылған.
Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны бір айда 0,3%-ға (110 мәмілеге) азайған. 2025 жылдың қазан айында пәтерлер бойынша барлығы 32 542 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 78,9%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (27%), Алматы (22,2%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,8%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың қазан айында олар бойынша 12 399 мәміле ресімделген.
2025 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда қазанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 0,6%-ға (56 мәмілеге) өсті. Қазанда барлығы 8 717 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Қостанай (+18,4%), Шығыс Қазақстан (+16,5%) және Батыс Қазақстан (+11%) облыстарында байқалды. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Ұлытау (-15,9%), Қызылорда (-10,7%) және Қарағанды (-8,3%) облыстарына тән екені белгілі болып отыр.
Былтырғы тиісті айымен салыстырғанда мәміле саны 5,4%-ға өскен (2024 ж. Қазан — 39 143). Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Астана қаласында (27,9%) байқалды, ең үлкен төмендеу — Ұлытау облысында (-38%). 2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санын 2024 жылғы қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 3,5%-ға өскен.
Айта кетейік, елде тұрғын үй алу ережелеріне өзгерістер енгізілді.