Қазан айында Ақтөбеден жаңа рейстер ашылады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қазан айының басынан ақтөбеліктер Шымкент, Атырау және Қостанай қалаларына тікелей ұша алады.
None
None

Алғашқы рейстер 2 қазанда Ақтөбе - Шымкент - Ақтөбе және Ақтөбе - Атырау - Ақтөбе бағыттары ашылады. Бұл бағыттар бойынша жолаушыларды «Qazaq Air» компаниясы Bombardier Q400 турбовинтті ұшақтар арқылы дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері тасымалдайды. Жолаушыларға эконом-классындағы 78 орын ұсынылады. 3 қазанда Қостанайға ұшақ шығады.

«Ұшу кестесі бар. Билеттер құны төмен. Мәселен Шымкент қаласына ұшу үшін 15 688 теңге, Атырауға - 12 187 теңге, ал Қостанайға бару үшін 11 688 теңге жұмсайды», - деді «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қосман.

Еске сала кетейік, Qazaq Air әуе компаниясының негізін ағымдағы жылдың сәуір айында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қалаған. Таныстырылымы 6 шілдеде өтті. Соңғы айда компания қызметін 5000 адам пайдаланды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум