ҚазАвтоЖол: республикалық жолдарда жеңіл көліктердің жүруіне рұқсат берілді

АСТАНА. KAZINFORM — 10 желтоқсан күні сағат 03:00–де республикалық мәндегі бірқатар автомобиль жолдары учаскелерінде жеңіл көлік түрі үшін қозғалыс қалпына келтірілді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».

жол ашылды
Фото: Балагазиев Ерназ / Kazinform

Атап айтсақ:

Жамбыл облысы: «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін); 

Түркістан облысы:  «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 593-654 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін).

Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰК» акционерлік қоғамы 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын хабарлады.

Бұдан бөлек, ұлттық компанияның баспасөз қызметі Жамбыл облысында республикалық автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп, жолшылар жолдың бойын қардан тазалап, көктайғаққа қарсы материалдар сеуіп жатқанын жеткізді. 

Айта кетейік, бұған дейін ауа райына байланысты республикалық автожолдарда көлік қозғалысы шектелгенін жаздық. 

Сондай-ақ күн райының бұзылуына байланысты 9 желтоқсан түнгі сағат 23:00–ден бастап Жамбыл облысымен шекаралас Түркістан облысы Машат ауылы (593-654 км) жол учаскесінде жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Соңғы жаңалықтар