08:37, 05 Желтоқсан 2011 | GMT +5
«Қазхром» трансұлттық компаниясының шахтасында екі жұмысшы зардап шекті
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Хромтау ауданында «Қазхром» трансұлттық компаниясына тиесілі Дөң кен-байыту комбинатының екі жұмысшысы зардап шекті.

ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен мәлім етілгендей, жексенбі күні күндіз, Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл атындағы шахтада тау кесегінің құлауы салдарынан 35 және 18 жастағы екі жұмысшы түрлі жарақаттар алып, ауруханаға түсті.