«Қазхром» жастары Ақтөбеде инновациялық идеяларын ұсынды (ФОТО)

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында Еуразиялық топтың құрамына кіретін «Қазхромның» VIII жастар ғылыми-техникалық конференциясы өтті.
None
None

Дон тау-кен байыту комбинаты, «Қазмарганец» кен басқармасы, Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарының техникалық озық жастары, сондай-ақ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Оңтүстік Урал мемлекеттік университетінен (Челябі қаласы) шақырылған өкілдер қазылар алқасына металлургия, кен ісі, энергетика, экология, қауіпсіздік техникасы және ақпараттық технологиялар саласындағы өздерінің зерттеулерін ұсынды. Конференциядағы алты секцияда барлығы 38 спикер сөз сөйледі.

Қатысушылардың жұмыстарын «Қазхром» салалық департаменттерінің өкілдері мен арнайы шақырылған сарапшы - техника ғылымдарының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің металлургия кафедрасының доценті Қуат Қаскин сарапқа салып, жастардың еңбегіне жоғары баға берді.

Соңғы жаңалықтар