ҚазМұнайГаздың IPO-ға шығарылатын акцияларының үлесі артуы мүмкін
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акцияларының 3%-ы IPO-ға шығарылды. Компанияның 87% акциясы «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі. Бізде «Қазатомпром» аналогі бойынша қорға тиесілі акциялар үлесін 75%-ға дейін азайтуға мүмкіндік беретін Үкімет қаулысы бар. Осы орайда, бізде алдағы уақытта биржаға орналастыратын акциялар үлесі қаралды. Аталған қадам «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акцияларының өтімділігін арттыру үшін қажет. Одан түскен қаржы ұлттық қорға жіберіледі», - деді Ернар Жанәділ «Astana Finance Days» конференциясы барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Еске салайық, былтыр «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры өткен жылдың желтоқсанынан бастап «ҚазМұнайГаз» компаниясын IPO-ға шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.
Бұған дейін белгілі болғандай Air Astana келесі жылы IPO-ға шығады.
Сондай-ақ, «Astana Finance Days» конференциясы барысында KEGOC компаниясының биыл SPO-ға шығуға дайын екендігі айтылды.