Қазпоштаның дамуын тежеп отырған негізгі факторлар қандай
БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингі барысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Мират Өтепов Қазпоштаның дамуына кедергі болып отырға факторларды атады, деп хабарлайды Kazinform.
«Қазпоштаның дамуын тежеп отырған фактордың бірі – онда 17 мыңнан астам адам еңбек етеді. Сондықтан олардың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету керек. Бұған қоса оның барлық Қазақстан бойынша филиалдары бар. Оны ұстап тұру шығындарын ұмытпаған жөн. Бұл шығындардың барлығы болған қазір де бар. Негізі проблеманың бірі – Қазпоштаның қызметі қажетті деңгейде субсидияланбайды», - деді Мират Өтепов.
Қоса кетсек, биыл 7 айда Қазпошта 1 млрд теңге табыс тапқан.
Сондай-ақ, таяуда Қазпошта басшысы ауылдағы қызметкерлердің жалақысы неге аз екенін түсіндірді.