Қазір елімізде қай жолдар жабық

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК бірнеше өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы хабарлады.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

Абай облысы:

— 2026 жылғы 7 наурыз сағат 22:00-де Павлодар облысындағы ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар KAZ07 «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан қаласын айналып өту — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 587 — 733 шақырым аралығында (Павлодар облысының шекарасы — Семей қаласы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі.

Ақмола облысы:

—  8 наурыз сағат 00:45–те «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30 — 92 шақырым аралығы (Жібек жолы ауылы — Қарағанды облысының шекарасы).

— 8 наурыз сағат 01:00-де республикалық маңызы бар KAZ04 «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16 — 200 шақырым аралығында (Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қарағанды облысы:

— «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92 — 164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау ақылы жол бақылау пункті).

Павлодар облысы:

— Республикалық маңызы бар KAZ07 «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан қаласын айналып өту — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 426 — 587 шақырым аралығында (Кенжекөл ауылы — Абай облысының шекарасы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі. 

— 8 наурыз сағат 01:00–де республикалық маңызы бар KAZ04 «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 200 — 431 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасы — Атамекен кенті) көліктің барлық түрі үшін қозғалысы тоқтатылады.

Айта кетейік, жолдарды 2026 жылғы 8 наурыз сағат 08:00–де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін еліміздің екі өңірінде жолдар жабылғаны мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум