Қазцинк кәсіпорнында қандай қондырғы жарылды, ол ауа сапасына әсер ете ме

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - Өскемен қаласындағы «Қазцинк» компаниясының өкілдері апат кезінде зақымданған қондырғыға қатысты мән-жайды түсіндіріп берді.

Два человека погибли при взрыве на «Казцинке» в Усть-Каменогорске, пятеро пострадали
Фото: ШҚО ТЖД

Қала тұрғындарының арасында кәсіпорындағы ауа тазарту құрылғыларының бірі жарылған болуы мүмкін деген сыбыс тарады. Алайда компания өкілдері бұл басқа технологиялық қондырғы екенін түсіндірді.

- Көпшілік ойлағандай, бұл шаң ұстағыш қондырғы емес. Ол жабдық метал өндіру кезінде реагент ретінде қолданылатын технологиялық шаң шығаруға арналған, - деді «Қазцинк» ЖШС басқарушы директоры Андрей Лазарев.

Оның айтуынша, зақымданған қондырғы өндірістегі шығарындыларды тазарту процесінде қолданылмаған. Сондықтан оның тоқтауы кәсіпорынның экологиялық жүйелерінің жұмысына әсер етпейді.

- Барлық экологиялық жүйелер штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ауа сапасына мониторингті кәсіпорынның өз зертханасы да, мемлекеттік қызметтер де тұрақты түрде жүргізуде, - деді ол.

Қазіргі уақытта өндіріс жалғасып жатыр. Алайда қуаттылық уақытша төмендетілген.

Еске салсақ, осыған дейін Қазцинктегі жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада көз жұмғаны хабарланған