ҚазҰУ өзіне қол салмақ болған студент қыздың жағдайына қатысты түсінік берді
АЛМАТЫ.KAZINFORM — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзін жарақаттаған қыз туралы түсінік берді.
Университеттің мәліметінше, студент қыз жедел жәрдем шақырған.
— Медициналық құпияны сақтау және заңнама талаптарына сәйкес аурухана бізге науқастың жағдайы туралы толық ақпарат берген жоқ. Біз студент қыздың ата-анасымен тығыз байланыстамыз. Олардың айтуынша, қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, — деп хабарлады ҚазҰУ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ университет өкілдері қазір оқиғаның барлық мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатқанын атап өтті.
Бұған дейін Алматыдағы ЖОО-да студент қыз өзіне дене жарақатын салғаны айтылды. Алайда бұл кезде ҚазҰУ мұны жалған ақпарат деген еді.
Еске салайық, бұған дейін де ҚазҰУ-да студенттің өзіне қол салуына қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентінің қайтыс болуына қатысты пікір білдіріп, университет басшылығы марқұмның отбасына қажетті көмек көрсеткенін мәлімдеді.
Содан кейін Алматыда тағы да ҚазҰУ студенті қаза тапты.
Күдікті ұсталып, проректор мен декан жұмысынан кетті.
Екі жайттан кейін ҚазҰУ-ға министрліктің арнайы тобы баратыны белгілі болды.