Келесі жылы ұшақтар мен пойыздарда интернет қолжетімді болады

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылы ұшақтар мен пойыздарда интернет қолжетімді болады. Бұл туралы бүгін жыл қорытындысына орай БАҚ өкілдерімен кездескен Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.

 Қазақстан ауылдарындағы интернет мәселесі екі жылда толық шешіледі – Президент кеңесшісі
Фото: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform

- Келесі жылы Эйр Астана ұшақтарының бортын және Қазақстан темір жолы пойыздарын интернетпен қамтамасыз ете бастаймыз. Яғни, келесі жылдан Қазақстан темір жолымен жолаушылар тасымалдау кезінде интернет болады. Біздің күтуіміз бен жоспарымызға сәйкес, 2026 жылдың 1-жартыжылдығында Қазақстан темір жолы арқылы жолаушылар ағынының 50 пайызы негізгі бағыттардағы пойыздарда спутникті интернетке қол жеткізеді. Ал келесі жылдың шамамен қазан айында Эйр Астана борттарында спутникті интернет пайда болады, - деді Жаслан Мәдиев.

Осыған дейін транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісі 2026 жылдың 3-тоқсанында іске қосылатыны туралы жаздық. 

Соңғы жаңалықтар