Кентаудың 40 жасар тұрғыны есірткіні асқазанында жасырған

ШЫМКЕНТ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Кентау қаласының тұрғыны есірткіні ішіне салу арқылы тасып жүрген, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Әйелді Шымкент сапаржайының маңынан ұстаған. ОҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оны есірткі заттарын сату және тасымалдау күдігі бойынша тоқтатқан. 1973 жылы туған әйелдің киімі мен заттарынан полицейлер ештеңе таппаған. Кейін олар әйелдің есірткіні асқазаны арқылы тасымалдауы мүмкін екендігін ескеріп, оны тексеріске жіберген. Сарапшылар күдікті әйелдің ішегінен героинға ұқсас есірткі заты бар 7 полиэтилен пакетін тапқан. Есірткінің салмағы 5 грамм болып шықты.

Күдікті қамауға алынды, ал факті бойынша ҚР ҚК 259-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар