Кейінгі екі жылда медициналық ЖОО түлектерінің саны 20%-ға өсті

АСТАНА. KAZINFORM – Кейінгі екі жылдың ішінде еліміздің медициналық жоғары оқу орындарының жұмысқа орналастырылған түлектерінің саны 20%-ға өсті, бұл өңірлердегі кадрлар тапшылығының төмендеуіне әсер етті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. 

Кейінгі екі жылда медициналық ЖОО түлектерінің саны 20%-ға өсті
Фото: Астана әкімдігі

Егер 2023 жылы 1 857 жас маман жұмыспен қамтылса, өткен жылы олардың саны 2 271-ді құрады.

Жыл сайын мемлекет – бакалавриаттан докторантураға дейін 5 685 білім грантын бөледі. Мемлекеттік білім беру тапсырысы өңірлердің, ең алдымен ауылдық жерлер мен шағын қалалардың нақты қажеттілігін ескере отырып қалыптастырылады.

Кадрларды бекіту үшін әлеуметтік қолдау шараларының кешені іске асырылып жатыр. Бұл – тұрғын үйге жеңілдікті кредиттер, кемінде 5 жыл жұмыс істеген жағдайда ең төменгі жалақының 100 еселенген (8,5 млн теңге) мөлшерінде біржолғы төлем. 2024 жылы мұндай төлемді 254 маман, 2025 жылы – 529 медицина қызметкері алды. Жалпы, 2025 жылы 1 760 дәрігер әлеуметтік қолдау шараларын алды.

Іске асырылған шаралар дәрігерлердің жалпы тапшылығын 20%-ға, ал ауылдық жерлерде – 30%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Денсаулық сақтау министрлігі түлектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және саланың кадрлық әлеуетін нығайту жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде медициналық қызметтерді лицензиялау жүйесі жаңартылады. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум