Кездесу құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелеріне арналды

Тамыздың 17-сінде Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміздің құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері бойынша кеңес өткізгені баршамызға мәлім. Аталмыш кеңесте құқық қорғау органдары қызметінің басқару жүйесінің тисімсіздігімен, қызметтердің қайталануымен алтасуымен сипатталатыны айтылып, сапалық нәтижелерді сапалық көрсеткіштермен алмастыру орын алғаны сыналған болатын.
Сондай-ақ, халықтың құқық қорғау органдарына деген көзқарасының тұтастай билікке деген сенімге салқынын тигізіп отырғаны айтылған еді. Елімізде азаматтар құқығын әділ, шынайы түрде қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау жүйесін реформалау ісі қолға алынып отыр.
Елбасы Жарлығының жаңғырығы аймақтарға дейін жетіп, әр облыста түрлі жиындар өтуде. Ақтөбелік полицейлерге реформа жөнінде кеңінен әңгімелеу үшін елордадан Еуропалық құқық институтының сарапшысы Әділбек Досаев ат басын Ақтөбе облысына бұрған. Астанадан келген өкіл реформаның ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталып, оның тиімді тұстарын тәртіп сақшыларына баяндап берді. Аталған алқалы жиында сөз алған Ақтөбе облысының ІІД бастығының бірінші орынбасары Қайрат Нұрғалиев пен облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Сырым Әбдірахманов жүргізіліп отырған реформа халыққа да, билікке де тиімді болатынын атап өтті.
Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау негізгі жеті бағыт бойынша жүргілуде. Ә. Досаев құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімдігін арттыруға негізделген реформаның қазіргі уақыт талабына сай екенін атап көрсетіп, Жарлық өкіілетті органдардың ұйымдастыру құрылымын жетілдіруге, қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталғанына баса назар аударды.
Сонымен қатар, Жарлықта құқық қорғау органдарының шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне негізсіз араласу фактілерін болдырмау және бақылау-қадағалау функциялары бар мемлекеттік органдарды одан әрі қысқарту түрінде бизнеске қысым жасауды азайту шаралары қарастырылғаны жөнінде айтты.
«Реформада жоспарланған іс-шаралар құқық қорғау органдарының неғұрлым тиімді ұйымдық-функционалдық құрылымын жасап, құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің қарқынды дамуын қамтамасыз етеді және азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін барынша қорғауға септігін тигізетін болады», - деді өз сөзінде Әділбек Досаев.