КХДР парламенті ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді талқылайды

АСТАНА.KAZINFORM — Солтүстік Корея қаңтарда Парламенттің негізгі отырысын өткізіп, онда Конституцияға өзгерістер мен басқа да бірқатар мәселелерді талқылайды, деп жазады Yonhap.

КХДР парламенті ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді талқылайды
Фото: Yonhap

Корея орталық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, КХДР 14-ші Жоғарғы халық жиналысының 12-сессиясын 2025 жылдың 22 қаңтарында шақыру туралы шешім қабылданған.

Мәлім болғандай, алдағы сессияда «Социалистік Конституцияның кейбір ережелерін қайта қарау» сияқты бірқатар мәселелер көтеріледі.

Сонымен қатар, орталық ақпарат агенттігі қаңтардағы сессияда 2025 жылға арналған мемлекеттік бюджетті, құрылыс материалдары өнеркәсібі және жағалаудағы балық шаруашылығы туралы заңдарды қабылдауды, сондай-ақ ұйымдастыру мәселелерін талқылайды деп хабарлайды.

20 қаңтардағы Дональд Трамптың инаугурациясынан екі күн өткен соң Солтүстік Корея көшбасшысы Трамптың екінші президенттік мерзіміне жауап ретінде өз елінің АҚШ-қа қатысты саясатын жариялауы мүмкін, деп жазады Йонхап.

Бұған дейін Ким Чен Ын соғысқа толық дайын болуға шақырған.

Кейін Оңтүстік Кореяда төтенше жағдай режимі енгізілді. Алайда парламент оны жоюға дауыс берді. Бұған дейін қорғаныс министрі Ким Ён Хён кешірім сұрап, отставкаға кетуді ұсынған. Кейін президент оның отставкасын қабылдады.

Оңтүстік Кореяда билік партиясының жетекшісі президентті орнынан алу қажеттігін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар