ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Амурмен» кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 27 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізеді. 

«Барыс»
Фото:«Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 16:30–да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 56 мәрте шеберлік байқасты. Оның 25-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 34 ұпаймен 18-орынға жайғасса, «Амур» 36 ұпаймен 16-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін төрт ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 2026 жылдың 6 қаңтарында 27 желтоқсанда Ресейде «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен кездессе, одан кейін 8 қаңтарда «Ак Барс» (Қазан), 10 қаңтарда «Салават Юлаев» (Уфа), 12 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) командаларымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада қатарынан үшінші мәрте жеңілді.

Соңғы жаңалықтар