ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада СКА командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 13 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізеді.

ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада СКА командасымен кездеседі
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Ойын елорда уақытымен 19:30-да басталады.

Екі команда бұған дейін 32 мәрте кездескен. Оның жетеуі елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен. Кейінгі алты кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 28 ұпаймен 23-орында тұрса, «Адмирал» 67 ұпаймен 11-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі төрт ойынын елордада өткізеді. Алдымен 15 ақпанда «Лада» (Тольятти) клубымен ойнаса, 17 ақпанда «Металлург» (Магниогорск), 20 ақпанда «Северсталь» (Череповец), 22 ақпанда «Адмирал» (Владивосток) командасымен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» овертаймда «Адмиралға» есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар