ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Адмиралмен» ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 4 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізеді.

Фото: «Барыс» хоккей командасы
Фото: «Барыс» хоккей командасы

Ойын елорда уақытымен 14:30-да басталады.

Екі команда бұған дейін 36 мәрте кездескен. Оның 19-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 28 ұпаймен 23-орында тұрса, «Адмирал» 52 ұпаймен 16-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі бес ойынын елордада өткізеді. Алдымен 13 ақпанда Ресейдің СКА (СанктПетербург) командасын қабылдаса, одан кейін 15 ақпанда «Лада» (Тольятти), 17 ақпанда «Металлург» (Магниогорск), 20 ақпанда «Северсталь» (Череповец), 22 ақпанда «Адмирал» (Владивосток) командасымен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Амур» командасына есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар