12:54, 02 Ақпан 2026 | GMT +5
ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Амурмен» кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM – «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Амур» (Хабаровск) клубына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 14:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетейік, қазіргі кезде турнирлік кестеде «Барыс» хоккей командасы 39 ұпаймен 19-орында, ал «Амур» 41 ұпаймен 18-орында тұр.
Елордалық клуб осы мачтан кейін 4 ақпан күні түзде «Адмирал» (Владивосток) хоккей клубымен шеберлік байқасып, кім мықтыны анықтайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Барыс» сырт айдындағы ойында «Амурға» буллит сериясында 1:2 есебімен есе жібергенін жазған болатынбыз.