ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Авангард» командасымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 31 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді.

Ойын елорда уақытымен 18:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 80 мәрте кездескен. Оның 27-сi елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Қазір турнир кестесінде «Барыс» 28 ұпаймен 23-орында тұрса, «Авангард» 53 ұпаймен 14-орында келеді.
Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 2 ақпанда Ресейде «Амур» (Хабаровск) командасымен кездессе, 4 ақпанда «Адмирал» (Владивосток) командаларымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Сибирь» командасынан басым түсті.