ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Лада» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 20 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Лада» (Тольятти) клубына қарсы өткізеді.

Барыс
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 20 мәрте шеберлік байқасты. Оның 10-ы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 37 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Лада» 32 ұпаймен 22-орында келеді.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін екі ойынын Ресейде өткізеді. Алдымен 22 қаңтарда ЦСКА клубымен кездессе, 24 қаңтарда «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада ЦСКА командасынан басым түсті.

 

Соңғы жаңалықтар