ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Спартак» командасымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 28 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00–де басталады.
Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 47 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Спартак» 68 ұпаймен 12-орында келеді.
Айта кетсек, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 команда құрамына енгендер шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі екі жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ.
«Барыстың» құрамы
Қақпашылар: Никита Бояркин, Адам Шил, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Кирилл Никитин, Бейбарыс Оразов, Райли Уолш.
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Майкл Веккьоне, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Тимур Миндубаев («Снежные Барсы» клубынан шақыртылды), Мэйсон Морелли, Максим Мухаметов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Макс Уиллман.
Елордалық клуб сапында Аңсар Шайхмедденов жарақат алған ойыншылар тізімінде тұр. Сондай-ақ медициналық себептерге байланысты Эмиль Галимов бұл сапарға қатыспайды.
«Барыс» клубы бұдан кейін бес ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 2 наурызда Ресейде СКА (Санкт-Петербург) клубымен кездессе, 7 наурызда Қытайдың «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай), 10 наурызда Реесйде «Амур» (Хабаровск), 12 және 13 наурызда «Адмирал» (Владивосток) клубтарымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Северсталь» командасына есе жіберді.