ҚХЛ: «Барыс» елордада «Автомобилист» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 7 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді.

«Барыс» уступил «Нефтехимику» и потерпел четвертое поражение подряд
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 53 мәрте шеберлік байқасты. Оның 31-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің біреуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласынан басым түсті.

Турнир кестесінде «Барыс» 19 ұпаймен 18-орынға жайғасса, «Автомобилист» 30 ұпаймен 9-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін тағы бір ойынын елордада өткізіп, 9 қарашада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының шабуылшысы Владимир Волков «Барыстан» кетті.

Соңғы жаңалықтар