ҚХЛ: «Барыс» елордада «Металлургке» есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 9 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізді.
Кездесу барысында ресейлік команда жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде олардың қатарынан Даниил Вовченко мергендік танытты.

Ойынның 32-минутында Сергей Толчинский ресейлік клубтың басымдығын арттырса, 34-минутта тағы бір мәрте көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Елордалық клуб сапынан Әлихан Әсетов 41-минутта есеп айырмасын қысқартса, 52-минутта ресейлік клубтан Роман Канцеров гол соқты.

Осылайша елордалық команда қарсыласынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл жеңілістен кейін турнир кестесінде «Барыс» 21 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Металлург» 40 ұпаймен көш басындағы орнын сақтап қалды.
Қазақстандық клуб бұдан кейін екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 15 қарашада Ресейдің «Локомотив» (Ярославльк) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 17 қарашада «Сочимен» кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» бес ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтата алды.