ҚХЛ: «Барыс» елордада «Салават Юлаев» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 5 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді.

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Салават Юлаев» командасымен кездеседі
Фото: Барыс ХК

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 63 мәрте шеберлік байқасты. Оның 22-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің біреуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласынан басым түсті.

Турнир кестесінде «Барыс» 19 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Салават Юлаев» 18 ұпаймен 18-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 7 қарашада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасын қабылдаса, одан кейін 9 қарашада «Металлург» (Магнитогорск) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңілді.

Соңғы жаңалықтар