ҚХЛ: «Барыс» түзде «Авангард» командасымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 29 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 18:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазірге дейін командалар 76 мәрте шеберлік байқасты. Оның 25-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті. Кейінгі бес кездесудің біреуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласынан басым түсті.
Турнир кестесінде «Барыс» 19 ұпаймен 15-орынға жайғасса, «Авангард» 25 ұпаймен 7-орында келеді.
Елордалық клуб бұдан кейін тағы бір ойынын сырт айдында 31 қазанда Ресейде «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Барыс» өз айдынында «Нефтехимик» командасына есе жібергенін жазғанбыз.