ҚХЛ: «Барыс» «Нефтехимик» командасынан басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Ресейде Нижнекамск қаласының «Нефтехимик» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚХЛ: «Барыс» «Нефтехимик» командасынан басым түсті

Бүгінгі кездесуде елордалық хоккейшілер жинақы ойын көрсетті. Нәтижесінде алғашқы болып есеп ашты. Оны 2-минутта Линус Виддель өзінің еншісіне жазды. Ал 7-минутта таразы басы теңесті. Бұл сәтте ресейлік хоккейші Марат Хайруллин мергендігімен көзге түсті.

Екінші кезеңінің 21-минутында елордалық Якоб Лилья тағы да қазақстандық команданы алға шығарды. Ойын барысында бұдан кейін гол соғылған жоқ. «Барыс» аталған қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

«Барыс» енді 15 қарашада елорадада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасын қабылдайды.

Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын Ресейде «Локомотивтен» жеңілді.