ҚХЛ: «Барыс» «Спартак» командасынан жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі, «Барыс» бұдан бұрынғы төрт кездесуін жеңіспен аяқтады. Нәтижесінде турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды. «Спартак» та осал қарсылас емес. Ресейлік клуб турнир кестесіндегі «Барыспен» қатарлас тұр.

Бүгінгі кездесу өте тартысты өтті деуге әбден болады. Қос команда тарапынан толассыз шабуыл жасалды. Ойынның алғашқы кезеңінде «Спартак» командасының аздаған басымдығы байқалып тұрды. Алғашқы шайбаны ресейлік клуб сапынан Илья Зубов 8-минутта соғып кетті.

Екінші кезеңде екі команда да алға қарай ұмтылған еді. «Барыс» хоккейшілері гол соғатын бірнеше мүмкіндікті құр жеберіп алды. Есесіне 24-минутта «Спартак» сапынан 24-минутта Артем Федоров есепті үстемелей түсті. Ал 26-минутта «Барыс» хоккейшісі Аркадий Шестаков мергендік танытып, есеп айырмасын қысқарта түсті. Ал ойынның бітуіне санаулы секунд қалғанда «Спартак» сапынан Александр Хохлачёв қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен жол берді.

Үшінші кезең де толассыз шабуылға ұласты. «Барыс» бірнеше мәрте сан басымдығыне ие болды. Десе де оны өз пайдасына жарата алған жоқ.

Айта кетерлігі, «Барыс» бұдан бұрын Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасынан басым түскен еді .

«Барыс» енді елордада қатарынан төрт ойын өткізеді. Алдымен 25 желтоқсанда Ресейдің СКА (Санкт-Петербург), 27 желтоқсанда «Динамо» (Мәскеу), 29 желтоқсанда «Автомобилист» (Екатеринбург), 30 желтоқсанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасымен мұз айдынға шығады.

Соңғы жаңалықтар