ҚХЛ: Бүгін «Барыс» елордада «Авангардпен» кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 23 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді.

ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Авангардпен» кездеседі
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 77 мәрте шеберлік байқасты. Оның 26-сы елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 27 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Авангард» 37 ұпаймен 7-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 27 қарашада Ресейде «Салават Юлаевпен» кездессе, одан кейін 29 қарашада «Металлург» (Магнитогорск), 1 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) клубтарымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар