ҚХЛ: Плей-офф сатысының жартылай финалында командалар жұбы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысы жартылай финалына шыққан командалардың жұбы анықталды.

хоккей
Фото: pixabay.com

Жарыстың аталған сатысындағы ойындар 16 және 29 наурыз аралығында болады. Онда барлығы сегіз команда сынға түседі:

«Авангард» - «Локомотив»
«Динамо Мәскеу» - «Трактор»
«Металлург Магнитогорск» - «Спартак»
СКА - «Автомобилист»

Еске салсақ, елордалық «Барыс» биыл топтық кезеңде 22-орынды місе тұтып, плей-офф сатысынан тыс қалды.

Еске салсақ, бұдан бұрын хоккейден Қазақстан чемпионатында жартылай финалдағы командалар жұбы анықталды.

Жарыстың аталған сатысында «Арлан» (Көкшетау) мен «Сарыарқа» (Қарағанды), «Номад» (Астана) пен «Ақтөбе» командалары кездеседі.

Ойындар 14 наурыз бен 2 сәуір аралығында болады.

Соңғы жаңалықтар