Киберқалқан меморгандарға жолданған 35 млн зиянкес хаттың жолын кескен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Былтыр мемлекеттік органдардың ақпарат жүйесі мен электронды мекенжайына жолданған 35 млн зиянкес хат «Қазақстанның киберқалқанынан» өтпей қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында «Мемлекеттік-техникалық қызмет» АҚ ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығының директоры Серік Холдас ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдығына арналған деректі фильмде айтты.

«Мемлекеттік органдардың элктронды пошталарының және жалпы интернетке қосыла алатын бірыңғай шлюздер жұмыс істейді. Былтырдың өзінде ғана ақпараттық қауіпсіздіктің 150 миллионнан астам қатері бұғатталды. Оның ішінде мемлекеттік органдардың электронды мекенжайына жолданған 35 миллионға жуық зиянкес хат болды», - деді орталық директоры.

Аталған фильмде Сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжанов Ауғанстанда билік ауысқан кезде Қазақстан барлаушыларының қалай әрекет еткенін айтты.

«Кейінгі бірнеше операция Ауғанстандағы соңғы өзгерістер кезінде өтті. Ол кезде тек барлаушылар ғана жұмыс істеді. Олар бүкіл адамды жинап, қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Талибанның жаңа билігімен келісімдерге келіп, байланыстар орнатты. Кейін өзге орган қызметкерлерін ресми түрде марапаттап жатты. Ал біздің мамандар елеусіз, жабық жарлықпен марапатталды. Олардың бұл еңбегін жалпақ жұрт білмегенімен, қандай жауапты іс атқарғандарын өздері біледі ғой. Барлаушы үшін ең үлкен марапат – халқының, елінің амандығы», - деді комитет өкілі.


Видеодан алынған кадр
Соңғы жаңалықтар
telegram