Киік мүйізін заңды түрде экспорттауға рұқсат берілуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл күзде киіктерді аулау басталған жағдайда, аңшылар жануарлардың мүйізін қайда өткізеді? Бұл сұраққа ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жауап берді.

20 мыңнан астам өлексе жиналды: киіктер неден қырылып жатыр
Коллаж: Kazinform

- 2023-2024 жылғы (киік санын) реттеу шаралары нәтижесінде алынған киік мүйіздері қазіргі уақытта «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның бақылауында сақтаулы тұр. Бұл мүйіздер арнайы жабдықталған жалға алынған бөлмеде орналастырылған. Бөлмеде бейнебақылау жүйесі, тұрақты температуралық режим және барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілген. Алайда, қазіргі уақытта халықаралық шектеулерге байланысты киік мүйіздерін кәдеге жарату мүмкін емес, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Бұл шектеулер құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция (CITES) аясындағы шектеулермен байланысты. Сонымен қатар ведомство биыл күзде киік аулау басталған жағдайда, бөкендердің мүйізі қайда сақталатынын нақтылады.

- Биыл жүргізілетін реттеу нәтижесінде алынға киік мүйіздері де «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-да сақтауда болады. CITES қойған шектеулерді алу осы жылдың қараша айында тараптардың кездесуінде қарастырылатын болады. Шектеулер алынған жағдайда, мүйіздердің экспортына рұқсат беріледі, - деп аталып өткен Экология министрлігі ақпаратында.

Еске салсақ, жақында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ғалымдардың биологиялық негіздемесі аясында Қазақстанда киіктердің 20 пайызы реттеуге жататынын айтты. 

Егер киікті аулауға рұқсат берілсе, бұл іс-шаралар күзде басталады. 

Сонымен қатар, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылым жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының докторы Әлжан Шәмшідін киікке қатысты жасалған зерттеулер жөнінде түсінік берді. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылы ел аумағында 42 мың бас киік атылды. 

«Охотзоопром» өздері атқан киіктерден қанша мүйіз алынғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар