Қылмыс саны 11%-ға азайды – ҚР ІІМ алқа мәжілісі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде ішкі істер органдарының орталық аппараты қызметтері мен аумақтық бөліністердің басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

ӘӘМ алқа мәжілісі
Фото: Polisia.kz

Отырыс барысында биылғы алғашқы жартыжылдықтағы жедел қызмет қорытындылары шығарылып, ел Президентінің құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларын іске асыру аясында басым міндеттер айқындалды.

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің айтуынша, қылмыспен күресте оң динамика байқалады. Тіркелген қылмыстардың жалпы саны 11%-ға төмендеген. Адам өлтіру, ауыр дене жарақатын келтіру, зорлау, қарақшылық, тонау, бұзақылық, ұрлық, мал ұрлығы және басқа да қылмыстардың саны азайған.

Сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелердегі құқықбұзушылықтар деңгейінің төмендеген. Оң нәтижелермен қатар, отырысқа қатысушылар бөліністердің қызметіндегі кемшіліктерді қарастырып, оларды жою жолдарын талқылады. Басшылар мен жеке құрам алдына «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету, құқықбұзушылықтардың алдын алуды күшейту, қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру, полиция жұмысының сервистік моделін енгізу және кадрлық әлеуетті нығайту бойынша нақты міндеттер қойылды.

Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, бөліністердің материалдық-техникалық жарақтандырылуын арттыру, «Таза Қазақстан» республикалық акциясын сапалы өткізу, елдегі туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен сотқа дейінгі тергеу саласында цифрлық шешімдерді одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

Қазақстан полициясы күніне орай өткен алқа отырысы аясында қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ішкі істер органдарының үздік қызметкерлері марапатталды.

Осыған дейін Президент қоғамдық тәртіпке үлес қосқандарды марапаттаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар