Ким Чен Ын Қытайға аттанды

АСТАНА. KAZINFORM - Солтүстік Корея Президенті Ким Чен Ын жеке пойызымен Бейжіңге аттанды.

Ким Чен Ын отправился в Китай
Фото: РИА

- 1 қыркүйекте Корея Еңбек партиясының бас хатшысы және Корей Халық Демократиялық Республикасы Мемлекеттік істер жөніндегі комиссиясының төрағасы Ким Чен Ын өзінің жеке пойызымен Бейжіңге аттанды. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығын мерекелеуге қатысады, - деп жазады KCNA агенттігі.

Солтүстік Корея басшысымен бірге жоғары лауазымды шенеуніктердің, оның ішінде Сыртқы істер министрі Чхве Сон Хи бар екені хабарланды.

Қыркүйектің 3-і күні Бейжіңде ауқымды шеру өтеді, онда Қытай жаңа қару түрлерін көрсетеді.

Бұған дейін әскери шеруге 20-дан астам шетелдік көшбасшы қатысатыны хабарланған болатын.

Қонақтар арасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь, Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Индонезия, Ресей басшылары, Армения, Малайзия, Пәкістан, Словакия және басқа да елдердің премьер-министрлері бар.

Соңғы жаңалықтар