ҚР ҰҚК қырғыз шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісіне түсінік берді

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қырғыз-қазақ шекарасында қырғыз жағындағы «Ақ-тілек» (Қырғыз Республикасы) – «Қарасу» (Қазақстан Республикасы) өткізу пунктінде жүк көліктерінің кептелісі барын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кazinform.

шекара
Фото: Рixabay.com

«Бұған негізгі себеп – жеміс-көкөніс өнімдерін кіргізумен байланысты маусымдық жүк ағынының және жалпы Қазақстан арқылы жүк транзитінің артуы.

«Қарасу» өткізу пунктінің кіруге тәуіліктік өткізу мүмкіндігі 300 көлікті құрайды (биылғы 19 қарашада 283 автомашина өткізілді).

Қалыптасқан жағдайдың есебінен, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметімен өзара тығыз әрекеттестік ұйымдастырылды», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінде.

Еске салайық, бұған дейін Қырғыз Республикасының МҰҚК аталған түйіткіл бойынша түсінік берген еді. 

Соңғы жаңалықтар