Қырғызстан халқы 7,4 млн адамға жақындап қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Қырғыз Республикасының тұрақты халқының саны 2025 жылдың қаңтар–қазан айларында 103,4 мың адамға, яғни 1,4 пайызға артты және 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 7 млн 385 мың адам болды, деп хабарлайды Кабар.
Мұндай деректер Ұлттық статистика комитетінің материалдарында жарияланды.
Мемлекеттік «Қызмат» мекемесінің деректері бойынша, 2025 жылдың қаңтар–қазан айларында азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдарында 117,3 мың жаңа туған нәресте тіркелген, бұл 1 000 тұрғынға шаққанда 19,2 (2024 жылдың қаңтар–қазан айларында — 20,1).
Сондай-ақ 27,0 мың адам қайтыс болған, бұл 1 000 тұрғынға шаққанда 4,4 (2024 жылдың қаңтар–қазан айларында — 4,5).
Нәтижесінде, халықтың табиғи өсімі 90,3 мың адамды, немесе 1 000 тұрғынға шаққанда 14,8 болды (2024 жылдың қаңтар–қазан айларында — 15,6).
2025 жылдың қаңтар–қазан айларында халықтың табиғи өсімінің ең жоғары деңгейі Баткен, Ош, сондай-ақ Жалал-Абад облыстарында байқалса, ең төмен көрсеткіш Бишкек қаласында тіркелді.
Айта кетелік Қырғызстанның соңғы сайлау округіндегі депутаттар қашан сайланатыны туралы жазған едік.