Қырғызстан көлік кузовын әкелуге тыйым салуды ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM — Қырғыз Республикасының Экономика министрлігі алты айға көлік кузовын әкелуге тыйым салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің тиісті қаулысы қоғамдық талқылауға шығарылды.
Бастамашылардың айтуынша, Қырғыз Республикасы азаматтарының арасында шетелдің жалған құжаты мен тіркеу нөмірі бар көліктерін елге әкеліп, тізгіндеу фактілері жиілеген.
— Импорттық қосалқы бөлшектерден және басқа көліктердің агрегаттарынан құрастырылған көліктерді заңсыз пайдалану фактілері бар. Қырғыз Республикасының механикалық көлік құралдарын тіркеу саласындағы нормативтік құқықтық актілері жеке тұлғаларға осы көлік құралын тіркеуге мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, жалған құжаттармен ауыстыру фактілері жиі тіркелді, бұл елге әкелінетін көлік құралдарын кедендік ресімдеуден өтпей заңдастыруға және барлық кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтаруға әкеліп соқтырады, — делінген құжатта.
Қырғызстанның «ДТ Техник», «ТНК Шумкар», «Жису», «Шунфа», «Мурат Авто», «Қырғыз Унаа Курулуш», «Меридиан Голд» кәсіпорындары әкелген елде өндіруге және құрастыруға арналған автомобильдердің кузовтарына шектеу қойылмайды.
Бұған дейін ел астанасындағы кептеліс мәселесін шешу үшін парламент Бішкекте оң рөлді көліктерге тыйым салуды ұсынды.