Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына ҰҚК қызметкері қысым көрсеткені туралы ақпарат жалған — ҰҚК
АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы 12 қыркүйекте БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына ҰҚК қызметкері қысым көрсеткені туралы ақпарат таралды. Бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ҰҚК баспасөз қызметі растады.

«ҰҚК қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан жоқ», — делінген хабарламада.
ҰҚК тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қырғызстан көк бөрі командасы дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Ал, көкпар ұлттық спорт түрінен ақтық сында Қырғызстан көкпар командасымен сайысқа түскен қазақстандық шабандоздар 5:4 есебімен жеңіске жетіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесін қанжығалады.