Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында 4,7 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аймағында 28 қазанда 4,7 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық деректер орталығы.
Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, жер сілкінісі бүгін, 28 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 10:31-де тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аймағында, солтүстік ендіктің 39,45 градусында және шығыс бойлықтың 73,08 градусында орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,7, энергетикалық класы 10,7 болды. Эпицентр 2 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жарияланған жедел деректерде жер сілкінісінің ауырлығы, құрбан болғандар немесе залал туралы ақпарат берілмеген.
Жапония жағалауында магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік.